Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің оқытушылары жасанды интеллект бойынша біліктілік арттыру онлайн-курсын сәтті аяқтады

Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің оқытушылары – Байтенова Л.М., Мамбетов С.Т., Бельгинова С.А., Ким Е.Р., Мамырова А.К., Бимолдина Ж.А. – «Білім беру саласындағы жасанды интеллект: педагогтерге арналған практикалық курс» атты онлайн-форматта өткізілген біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

 

Бағдарламаның мақсаты – білім беру процесінің тиімділігін арттыру, оны жекелендіру, бейімдеу және цифрландыру үшін жасанды интеллект (ЖИ) пен нейрожелілердің заманауи құралдарын меңгеру, сонымен қатар этикалық және құқықтық нормаларды сақтау болды.

 

 

Курс барысында қатысушылар келесі дағдыларды меңгерді:

 

  • білім беру контекстінде ЖИ пен нейрожелілердің жұмыс істеу негіздері;
  • оқу бағдарламаларын, сабақ жоспарларын және дидактикалық материалдарды әзірлеуде ЖИ қолдану;
  • Midjourney, Elevenlabs, Dubverse, Krea сияқты құралдар арқылы визуалды және аудиоконтент генерациялау;
  • ai қосымшасымен оқу процесін қолдайтын чат-боттарды жасау;
  • ChatGPT және Data Analyst көмегімен білім беру деректерін талдау;
  • ЖИ-ні білім беру жүйесіне енгізудің халықаралық тәжірибесімен танысу.

 

Бағдарлама 10 модульден тұрды және курс материалдарына, бейнежазбаларға, презентацияларға және практикалық тапсырмаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жеке кабинетте өз бетімен жұмыс жасауды қамтыды. Курсты аяқтаған соң, оқытушылар ЖИ технологияларын қолдана отырып, жеке білім беру жобаларын дайындады.

 

Барлық оқытушыларға белсенді қатысқандары және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге ұмтылғандары үшін алғысымызды білдіреміз!

Online қабылдау