2025 жылғы 11–12 сәуір аралығында Баку қаласында Әзербайжан Мемлекеттік Экономикалық Университетінің (UNEC) 95 жылдығына арналған «Кәсіпкерлік білім беру: экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция UNEC пен Ресейдің Түмен Мемлекеттік Университетінің бастамасымен және UNEC жанындағы Орыс экономикалық мектебінің ұйымдастыруымен өтті.
«Маркетинг және логистика» жоғары мектебінен конференцияға Давлетова Майра Турусбековна мен Кадырова Корлан Жарлыкасымовна қатысты.
Конференция аясында панельдік пікірталастар ұйымдастырылып, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Венгрия және Әзербайжан елдерінің жоғары оқу орындарының өкілдері келесі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты:
Кадырова Корлан Жарлыкасымовна үшінші панельдік пікірталастың – «Кәсіпкерлік білім беру және кәсіпкерлік туралы ғылым» – спикері ретінде сөз сөйлеп, «Кәсіпкерлік білім беруде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада ол цифрлық технологияларды білім беру ортасына енгізудің негізгі бағыттарын атап өтіп, жаңа буын кәсіпкерлерінің икемді құзыреттерін қалыптастыруда жасанды интеллектінің маңыздылығына тоқталды.
Конференция қорытындылары:
«Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің оқытушыларының мұндай халықаралық іс-шараларға қатысуы академиялық байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру тәжірибелерін оқу үдерісін енгізуге өз үлесін қосады.