2025 жылдың 17 сәуірінде «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің профессорлары Ж.М. Төлен және Ж.Р. Ағыбай Джордж Вашингтон университетінің Эллиот Халықаралық қатынастар мектебінде “Қазақстанның Орталық Азиядағы сыртқы саясаты: онжылдық эволюция және аймақтық динамика” тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында соңғы онжылдықтағы Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасу траекториясы мен оның өңірлік және жаһандық үдерістерге байланысты қалай өзгергені жан-жақты талданды.
Дәріс барысында негізгі жаһандық және аймақтық субъектілермен, соның ішінде Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ пен теңгерімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтауға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясат тұжырымдамасы басты назарда болды. Спикерлер Қазақстанның Орталық Азиядағы интеграциялық және ынтымақтастық бастамаларына белсенді қатысу арқылы егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға деген ұмтылысын ерекше атап өтті.