2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің ұйымдастыруымен студенттер мен жас ғалымдардың «әл-Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан мен ТМД елдерінен студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 1-орын – Мұрат Аяулым (3-курс студенті), ғылыми жетекшісі: Төлебаева А.С. 2-орын- Есенин Жамшит (1-курс студенті).
2-орын – Бексұлтан Дария (1-курс студенті), ғылыми жетекшісі: Жұғалинa Б.М. 3-орын -Уалханова Айдана (3-курс студенті), ғылыми жетекшісі: Төлебаева А.С. Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Ғылыми жолда толағай табыстар тілейміз!