2025 жылғы 8 сәуірде «Заң консультанттарының рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында тікелей эфир өтті. Спикер: Әлімов Олжас Төлегенұлы, заң ғылымдарының магистрі, Құқықтық қорғау және заң қызметін көрсету орталығының заң консультанттары палатасының төрағасы. Модератор: Джұмабаева Қарлығаш Асильхановна, Құқық жоғары мектебінің директоры, PhD доктор. Кездесу барысында заң консультациясы институтын дамытудың өзекті мәселелері, мамандардың этикасы мен кәсіби стандарттары қозғалды. Құқық жоғары мектебі эфирге қатысушылардың барлығына белсенді қатысқаны және құнды идеялары үшін алғыс айтады!