Шынар Жанібекова — Media Marketing цифрлық агенттігінің бас директоры «Тұран» университетінде қонақ дәрісін өткізді

2025 жылғы 18 сәуірде Media Marketing цифрлық агенттігінің бас директоры Шынар Жанібекова «Тұран» университетінде «Маркетинг» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Маркетингтегі цифрлық алға» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Шынар Жанібекова – PR және цифрлық жарнама саласындағы 25 жылдық тәжірибесі бар маман. Ол келесі компанияларда қызмет атқарды: «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) Қазақстандағы өкілдігі, «Технодом» АҚ, «ҚФУ» АҚ.

 

Сарапшы цифрлық маркетинг құралдары, оларды қолданудың ерекшеліктері туралы айтып, халықаралық жобаларды цифрлық алға жылжыту саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда: «Болашақ ойындары» фиджитал турнирі (Қазан, 2024), Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч (Астана, 2023), рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты (Алматы, 2022).

 

Сонымен қатар, Шынар Жанібекова корпоративтік ортада метағалам технологияларын қолданудың өзектілігі туралы ақпарат ұсынды. Ол болашақта неге метағаламға көшеміз, бұл кеңістік коммуникация мамандары үшін қандай сын-тегеуріндер тудыратыны жөнінде айтып, Media Marketing агенттігінде алғашқы виртуалды кеңсе құру тәжірибесімен бөлісті.

 

Шынар Жанібекованың компаниясы келесі кәсіби марапаттардың иегері: KIAF, White Square, Red Jolbors, Ақ Мерген, Golden Drum 2024, Red Apple 2024, PR Room Awards 2024, Күміс Жебе (Серебряный Лучник).

 

Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, бұл қойылған көптеген сұрақтардан байқалды. Әсіресе, киберспортты халықаралық деңгейде алға жылжыту жөніндегі кейс студенттерге ерекше әсер қалдырды — олар цифрлық жарнама кампаниясының механикасы мен ұйымдастыру ерекшеліктерін білгісі келді. Кездесу соңында олар спикерге алғыстарын білдіріп, оның компаниясында өндірістік тәжірибеден өткілері келетінін жеткізді.

 

Лекцияның ұйымдастырушысы — «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Жұмаділдаева Ж.Б.

Online қабылдау