Тұран университетінің Бизнес-инкубаторында әлемдік деңгейдегі ойын әзірленуде!

Voices of the Void жобасы Бизнес-инкубатор резиденттері тарапынан әзірленіп, бүкіл әлемнің геймерлерінің назарын өзіне аударды. Бұл ойын — шалғай обсерваториядағы зерттеу атмосферасын бейнелейтін симулятор, YouTube платформасында 5 миллионнан астам қаралым жинап, танымалдылығы күн санап артып келеді.

 

Алғашқы кезеңдегі алдын ала бағалауға сәйкес, жобаның табысы айына 15 000 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін, бұл студенттер құрған стартаптардың жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті бола алатынын дәлелдейді.

 

Жобаның дамуы Туран университетінің Жоғары компьютерлік инженерия мектебі деканының, оқытушыларының және Коммерцияландыру орталығы директорының менторлығы аясында жүзеге асуда.

 

Voices of the Void — талантты студенттерді қолдау және тиімді бизнес-инкубатор экожүйесі арқылы идеяларды халықаралық деңгейдегі табысты жобаларға айналдырудың жарқын үлгісі.

 

 

ru.wikipedia.org/wiki/Voices_of_the_Void

 

mrdrnose.itch.io/votv

 

votv.dev/

 

youtube.com/watch?v=mHaM_7Zjh5E

 

youtube.com/watch?v=x7g5akgnFqE 

Online қабылдау