Семинарда Өзбекстан, Түркия, АҚШ, Ауғанстан, Қытай және Қазақстан елдерінен қатысушылар бас қосты. Іс-шара барысында білім беру процесіне инновацияларды енгізу, оқытудың тиімді әдістері, бизнес-білімді цифрландыру және студенттерді даярлаудағы кейс-әдістерді қолдану сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Әсіресе, келесі спикерлердің баяндамаларын ерекше атап өтуге болады:
Олар бизнес-білімді дамыту тәжірибесімен бөлісіп, үздік практикаларды ұсынды және білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер туралы ойларымен бөлісті.
Семинарға Жоғары бизнес мектебінің DBA және EMBA студенттері де белсенді қатысып, өз білімдері мен кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Бұл семинар тәжірибе алмасудың, жаңа идеяларды талқылаудың және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды алаңына айналды.
Іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосқан барлық спикерлерге, қонақтарға және студенттерге шын жүректен алғыс білдіреміз!