Халықаралық дөңгелек үстел «Еуразия мемлекеттерінің құқығы: тәжірибе және перспективалары»

2025 жылдың 16 сәуірінде «Тұран» университетінің гуманитарлық-заң факультетінің Құқық жоғары мектебі мен Мемлекеттік гуманитарлық-техникалық университетінің (Ореxово-Зуево, Ресей Федерациясы) заң факультеті бірлесіп «Еуразия мемлекеттерінің құқығы: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара аралас форматта — офлайн және онлайн — өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан, Ресей және басқа елдерден профессорлар, студенттер, магистранттар, аспиранттар және мамандар қатысты. Талқылау барысында еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің құқықтық дамуы, заңнаманы үйлестіру перспективасы және заң саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары туралы өзекті мәселелер көтерілді. Іс-шараға қатысушылар академиялық және практикалық диалогтың, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, әрі қарай ғылыми ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.

Online қабылдау