«Тұран» университетінде Қытайдан келген (ҚазҰУ) магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы аяқталды

«Тұран» университетінің Құқық ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «7М004201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасынан келген магистранттар ғылыми-зерттеулік тағылымдамадан өтті. Тағылымдама аясында магистранттар ғылыми семинарларға, жетекші оқытушылардың дәрістеріне, сондай-ақ зерттеу дағдыларын тереңдетуге және академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған практикалық сабақтарға қатысты. Интеграциялық үдерістер жағдайындағы заманауи құқықтық мәселелер мен заң ғылымының өзекті сұрақтарына ерекше назар аударылды. Тағылымдама аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұл іс-шара Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналып, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосты.

Online қабылдау