18 сәуірде «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі Саналы ұрпақ клубымен бірлесіп «Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс өткізді. Спикер – Ағжігітов Әділжан Дүйсенғалиұлы, модератор Құқық жоғары мектебінің директоры Джұмабаева К.А. Дәріс студенттерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған. Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар, заң бар жерде – әділдік бар. Мұндай кездесулер міндетті түрде жалғасатын болады!