2025 жылғы 16 сәуірде «Студенттерді прокуратура органдарына жұмысқа орналастыру» тақырыбында, «Жастармен» «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» жобасы бойынша тікелей эфир өтті. Спикер: Әбдікәрімова Әсел Салманқызы – Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры. Модератор: Тоқтыбеков Темір Әбікенұлы, з.ғ.к., «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры. Іс-шара студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, бұл прокуратура органдарындағы мансаптың келешегі туралы бірінші болып білудің тамаша мүмкіндігі. Спикерлерге құнды тәжірибе мен шабыт үшін алғыс айтамыз.