2025 жылдың 17-18 сәуір күндері 6B06101 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері Алматы қаласында орналасқан Алматы энергетика және байланыс университетінде өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.
Бұл олимпиада жыл сайын барлық білім беру бағдарламалары бойынша өткізіліп, болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтап, дарынды жастарды қолдау мен оларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау мақсатында ұйымдастырылады.
Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің студенттері – Кан Александр (ИС-212 (4 топ)), Умирбеков Қайнар (ИС-221 (3 топ)), Үсен Нұрдәулет (ИС-241 (4 топ)) осы олимпиадаға белсене қатысты.
Студенттерімізді I дәрежелі диплом және 100 000 теңгелік сертификат жеңіп алғандарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Команда жетекшісі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Экономика факультетінің деканы Байтенова Лаура Маратовна.
Жастарға алдағы байқауларда сәттілік пен биік белестерді бағындыруды тілейміз!