«Зияткерлік робототехника» білім беру бағдарламасының студенттері республикалық пәндік олимпиадада

2025 жылдың 24 сәуір күні 6B06103 – «Зияткерлік робототехника» білім беру бағдарламасының студенттері Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

 

Бұл олимпиада жыл сайын барлық білім беру бағдарламалары бойынша өткізіліп, болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау, дарынды жастарды қолдау және республикалық пен халықаралық олимпиадаларға қатысатын командаларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылады.

 

Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің студенттері –
Баженов Леонард (ИР-232 (4 топ)), Сайфаров Андрей (ИР-232 (4 топ)), Селезнёв Валерий (ИР-222 (3 топ)) «Роботтар және робототехникалық жүйелер» пәні бойынша олимпиадаға қатысты.

 

Студенттеріміздің жетістіктері мақтанышпен атап өтілді: Сайфаров Андрей – жеке есеп бойынша I дәрежелі диплом, Селезнёв Валерий – жеке есеп бойынша III дәрежелі диплом, барлық команда мүшелері – командалық есепте I дәрежелі диплом иегерлері атанып, 50 000 және 15 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

 

Команда жетекшісі – Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің сениор-лекторы Молдақалықова Баян Жоямергенқызы.

 

Барша студенттерімізді құттықтаймыз! Келесі жарыстарда да сәттілік пен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!

Online қабылдау