2025 жылғы 25 сәуірде «Туран» университетінде «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттік сырттай Логистика олимпиадасының үшінші кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – «Логистика» бағытына қызығушылықты арттыру, қабілетті әрі дарынды студенттерді анықтау болды.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
Олимпиадаға «Логистика» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар «Туран» университетінен, Алматы Менеджмент Университетінен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан, Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT университетінен, Азаматтық авиация академиясынан, сондай-ақ Атырау және Семей қалаларындағы жоғары оқу орындарынан болды.
Байқауға қатысушылар логистика саласындағы жоғары білім деңгейін, креативті және шығармашылық көзқарасты, қазіргі заманғы үрдістерді жақсы меңгергенін көрсетті.
Олимпиадада жүлделі (I, II, III) орындарға ие болған жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараның демеушісі ретінде «Шыңғар Транс» ЖШС қолдау көрсетті.
Олимпиада жоғары деңгейде өтті, қатысушылар іс-шараға көңілдері толып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.