2025 жылдың 29 сәуірінде «Тұран» университетінің акт залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Шараны заң факультетінің деканаты Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің оқытушыларымен бірлесіп ұйымдастырды. Журналистика, халықаралық қатынастар және аймақтану білім бағдарламаның студенттері белсенді қатысты. Студенттер фашизмді жеңуге қатысқан қазақстандықтарды еске алуға арналған концерттік бағдарлама дайындады.
«Тұран» университетінің студенттері қазақстандықтардың ерліктеріне арналған соғыс әндері мен өлеңдерін орындады. Шара барысында «Тұран» университетінің басшылығы, соғыс ардагері Ишмұхамедов Абдрахман Шәріпұлын құттықтады. Әбдірахман Шәріпұлы бейне үндеу арқылы студенттерге бейбіт аспан, оқуда сәттілік тіледі.