DBA бағдарламасының докторанттары Түркиядағы Йедитепе Университетінде (Yeditepe University) көшпелі модульден өтті

“Тұран” университеті мен Түркияның Ыстанбұл қаласындағы “Yeditepe University” арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, DBA бағдарламасының 2-курс докторанттары — Избанов Даулет Аскарович, Тохтар Болатбек және Кутмамбетов Нуртас Абжамиевич — серіктес университет базасында көшпелі оқу модулінен сәтті өтті.

 

Көшпелі модуль академиялық білімді кеңейтуге, басқарушылық құзыреттерді дамытуға және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға бағытталған.

 

Докторанттарды модульді сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз, кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!

 

Аталған көшпелі модульді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін сыртқы байланыстар мен докторантура жөніндегі проректор Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызына зор алғысымызды білдіреміз!

Online қабылдау