24-ші «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық көрмесі (KITF – 2025)

2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында Алматы қаласының “Атакент” іскерлік ынтымақтастық орталығында Орталық Азияның жыл сайынғы ең ірі туристік оқиғасы – “Туризм және саяхат”24-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі өтті.

 

Іс-шараға әлемнің 34 елінен 533 компания қатысты. Экспозиция аясында Қазақстанның 14 облысының стендтері көрсетілді. Көрмеге “Тұран” университетінің Туризм ғылыми-зерттеу институты өз үлесін қосты. Шағын үстелде 0,5 м2 (“Іле-Алатау” ұлттық паркімен бірлесіп) “Тұран” университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріне түсу үшін жарнамалық материалдарды көрсетті. Сондай-ақ, Солтүстік Тянь-Шань және Жетісу (Жоңғар) Алатауы бойынша туристік карталар мен нұсқаулықтар ұсынылды. Туризм ҒЗИ қызметкерлерінен басқа, стендке “Туризм” білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері – Әбікен Бекнұр, Заманбек Аяна және Сарсенова Сабина көмектесті.

Online қабылдау