«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2025 жылдың 3 мамырында «Тұран» университетінде Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XVII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

 

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты: Алматы Менеджмент Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, SDU университеті, Нархоз университеті, Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Ахмет Ясауи Университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақ-неміс университеті, Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Тұран университеті.

 

Қазылар алқасының төрағасы – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек. Қазылар алқасының құрамына жоғары деңгейдегі мамандар – зерттеу университеттерінің жетекші ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ олимпиаданың тиісті бағыттары бойынша профессорлар кірді: Айтымбетов Нұркен Ысқақұлы – PhD докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері; Бурханов Бимурад Бадритдинович – тарих ғылымдарының магистрі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғылыми қызметкері; Жүсіпов Бақыт Сайлаубайұлы – ассоциациаланған профессор, саяси ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті; Деловарова Лейла Федоровна – халықаралық қатынастар бойынша Phd, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ бойынша аймақтық ресурстық ақпараттың академиялық орталығының директоры; Үмбеталиева Толғанай Буденқызы – саяси ғылымдарының кандидаты, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры; Тораланбаева Кенже Өскембайқызы – тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас ғылыми қызметкері; Камалов Аблет Каюмович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (CESS) президенті; Асхат Гүлнаш – PhD докторы, ассоциациаланған профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының меңгерушісі; Ибадильдин Ныгмет – саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша  Phd, КИМЭП университетінің профессоры.

 

 

«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

 

  • 1 орын – Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті (ағылшын тілінде). (Сәлім Д.Е., Амангелді Д.Б. және Нурлыбекова А.М.)
  • 2 орын – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (орыс тілінде). (Аубакирова А.М., Кызамбаев А.С. и Идрисова А.Я.)
  • 2 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (қазақ тілінде). (Абубакиров А.А., Сайлау С.Қ. и Мінаж А.Ү.)
  • 3 орын – SDU университеті (казақ тілінде). (Жұмағали А.Т., Айнабекова А.А. и Усербаева Ә.Ғ.)
  • 3 орын – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (орыс тілінде). (Абишев С.С., Сафронов А.А. и Закария Ж.Н.))
  • 3 орын – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ағылшын тілінде). (Оңғарбай Н. и Андасов А)

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Online қабылдау