«Tabiğat Labs» Ботаника және фитоинтродукция институтының бас ботаникалық бағында

Тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Ғалия Шаукетқызы Файзуллина «Tabiğat Labs» бағдарламасына дәріскер ретінде қатысты. 2025 жылғы 6 мамырда Бас ботаникалық бақта «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдар коалициясы 2023 жылдан бастап іске асыратын «Tabiğat Labs» бағдарламасының жаңа маусымының ашылуы өтті. Қонақтар қалалық бастамалармен және ұйымдармен танысты, сарапшылардың дәрістерін тыңдады, сондай-ақ жасөспірімдерге арналған кітаптың тұсаукесеріне қатысты.

 

Бағдарлама сарапшыларының бірі Галия Файзуллина болды. Ол «Ағаш – дəнекер: дəстүрлердің киелі экологиясы» атты дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы мен мазмұны Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келді:

 

  • 15-мақсат (құрлық экожүйелерін сақтау. Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға ықпал ету тұрақты дамуға қол жеткізуге көмектеседі);
  • 17-мақсат (тұрақты даму мүддесіндегі Серіктестік. Тұрақты дамуға қол жеткізу бойынша жұмыс жаһандық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде әріптестік қатынастар орнатпай мүмкін емес).

 

Дәріс форматы ерекше болды: экрандағы иллюстрациялар лектордың әңгімесі мен суретшінің параллель жұмысы кезінде пайда болды. Бағдарлама аясында Әсет Сыздықовтың Tentek PUBLISHING баспасынан шыққан «Алма ағаш ертегілері» атты балалар кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге «Тұран» лицейінің оқушылары белсенді қатысты.

Online қабылдау