Аймақтық зерттеулер орталығының директоры, профессор А.К. Камалов көптомдық «Қазақстан тарихы» редакциялық алқаларының мүшелерімен кездесуге қатысты

2025 жылғы 21–25 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Алматы) кітапханасында «Қазақтан тарихы: ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін» атты жеті томдық «Қазақстан тарихының» редакциялық алқалары мүшелерінің бірқатар отырыстары өтті. Сол отырыстардың бірінде кітаптың екінші томының мазмұны талқыланды. Бұл томда Қазақстан тарихындағы ежелгі түркі кезеңі (VI–XIV ғғ.) қамтылады.

 

Сессияның негізгі баяндамашысы – екінші томның авторлар ұжымының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кумеков Булат Ешмухамедович болды. Б.Е. Кумеков ерте ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты негізгі тұжырымдамалық тәсілдерді негіздеп берді. Бұл тәсілдер – далалық өркениет пен ежелгі түркі мемлекетінің тарихына негізделген, олардың бастауы ғұндар, сақтар, үйсіндер және ежелгі Қазақстанның басқа да тұрғындарының тарихына барып тіреледі. Сонымен қатар, ол ежелгі түркі мемлекеттері туралы материалдарды баяндау құрылымын негіздеп түсіндірді.

 

«Қазақстан тарихының» екінші томының редакциялық алқасын құрудағы негізгі қағида – ежелгі түркі мемлекеттерінің тарихын зерттейтін мамандарды тарту болды. Бұл қатарда Б.Е. Кумековпен бірге Т.С. Жұмағамбетов, М. Қалменов, Т. Чороев (Чорoтегин), А.Ш. Қадырбаев, Питер Голден, Ахмет Ташагыл және басқа да ғалымдар бар. Жеті томдық «Қазақстан тарихының» редакциялық алқаларының отырыстарына «Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Камалов Аблет Каюмович та қатысты. Ол екінші томның авторларының бірі әрі редакциялық алқа мүшесі болып табылады. Сонымен бірге, екінші томды жазуға «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Торланбаева Кенже Ускенбаевна да қатысуда.

Online қабылдау