Тұрандық студенттер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 Батыр панфиловшылар шыңына шықты

7 мамырда Алматы альпинизм федерациясы 4120 метр биіктіктегі 28 Панфиловшылар шыңында кезекті жыл сайынғы альпиниаданы өткізді. Шыңға жаппай көтерілу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 

Биыл шыңға шыққан қатысушылар саны 573 адамға жетті. Олардың ішінде Туризм бағдарламасының студенттері – Белоусов Александр және Санаров Егор болды.

 

Осы шараны ұйымдастырған Альпинизм федерациясына және волонтерлерге алғысымызды білдіреміз!

 

Барлық қатысушыларды сәтті көтерілулерімен құттықтаймыз!

Online қабылдау