БҰҰ Жаһандық коммуникациялар Департаментінің өкілімен кездесу

2025 жылдың 6 мамырында БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самектің ұйымдастыруымен Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде шеберлік сабағы өтті.

 

Шараға «Тұран» университетінің «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты.

 

Мастер-класс барысында Властимил Самек БҰҰ-ның жаһандық коммуникациялар саласындағы жұмысының практикалық аспектілерімен бөлісті, тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдардың рөлі, сондай-ақ 21 ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесінің алдында тұрған міндеттер мен сын-қатерлер туралы айтты.

 

Сондай-ақ студенттер, медиасаясатының халықаралық күн тәртібіне әсері, жаһандану жағдайындағы ақпараттық қауіпсіздік және жастардың БҰҰ бастамаларына қалай қатыса алатындығы туралы сұрақтар қойып, қызу пікірталас болды.

 

Пікірталас, студенттерге құнды білім алуға ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ойлауды және әлемдік дипломатияның өзекті мәселелеріне қызығушылық танытуға мүмкіндік берді.

Online қабылдау