2025 жылғы 04 Мамырда «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері спорттық бағдарламалау бойынша жыл сайынғы SDU Open 2025 олимпиадасына қатысты.
Бұл олимпиада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттердің программалау мен алгоритмдік ойлау бойынша білімдерін, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын көрсетуіне мүмкіндік береді.
1 курс студенттерінен құралған 5 команда: Шералы Жансая, Тойбай Кәусар, Сабыржан Еркежан, Нұран Олжас, Сайлау Алимансур, Зейділда Бақдәулет, Үсен Нұрдәулет, Схакбай Еркін, Әбдірахман Есімжан, Әсілқұл Дияс, Мұратбаева Аяжан, Бақбергенов Даниэль, Оспанов Расул 5 сағатқа созылған жарыста 12 алгоритмдік есептерді шешті.
Нұран Олжас, Сайлауалимансур және Зейділд Бағдәулет құрамаларындағы Turan 3 командасы 2 тапсырманы орындап, 62 команданың ішінен 46-шы орынға ие болды.
Командалардың жетекшісі – Ақпараттық технологиялар Жоғары мектебінің ассистент-лекторы Еркеш Алмат Күзембайұлы.
Бұл жолы балалар жүлдегерлер үштігіне енбесе де, оларды олимпиада қатысушылары ретінде құттықтаймыз, келешекте үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!