2025 жылдың 16 сәуірінде «Тұран» университетінде Turan Innovations 2025 бизнес-жобалар жастар байқауының финалы өтті.
Turan Innovations байқауының мақсаты кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жастарды кәсіпкерлік ортаға тарту болып табылады.
2025 жылы байқауға университеттің әртүрлі білім беру бағдарламаларының 400-ге жуық студенті қатысып, 198 жобаны ұсынды. Ақпараттық технологиялар Жоғары мектебінен 6B06101 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 29 студенті қатысып, 16 бизнес-жобаны ұсынды.
Біздің студенттердің 4 жобасы финалға өтті, оның 2-і жүлделі 3-орын алды:
Балаларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына табыс пен сәттілік тілейміз!