«Туран» университетінің Құқық жоғары мектебінің өкілі, профессор Акимжанов Талғат Қурманович, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен дөңгелек үстелде баяндама жасады

2025 жылғы 30 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспары шеңберінде ұйымдастырылған «Қазақстанның заңгер ғалымдарының Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жоғары оқу орнынан өкілдік ететін заң ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры Талғат Құрманович Акимжанов Ұлы Отан соғысының қатысушысы және КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің негізін қалаушы профессор, әділет генерал-майоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсенов туралы мазмұнды баяндама жасады. Іс-шара тарихи жадты сақтау, рухани құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту ісіне елеулі үлес қосты

Online қабылдау