Құқық жоғары мектебінде профессор Сумбарова М.В.-ның қонақ дәрісі өтті

2025 жылғы 29 сәуірінде «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде онлайн форматта «Еуропалық қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Латвия Республикасы мысалында)» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Балтық халықаралық академиясының (Рига қ., Латвия) қауымдастырылған профессоры Сумбарова Марина Владимировна оқыды. Кездесудің модераторы – заң ғылымдарының докторы, профессор, құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің профессоры Акимжанов Талгат Курманович болды. Дәріс барысында ЕО елдерінде қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи тәсілдер қарастырылып, Латвия Республикасындағы құқық қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Іс-шара магистранттар мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, халықаралық құқықтық диалогты дамытуға елеулі үлес қосты.

Online қабылдау