Психология жоғары мектебінің зерттеуші профессоры EMDRIA (АҚШ) халықаралық аккредитациясын алды

Зерттеуші профессор Қасымжанова Анаркүл Әлиакпарқызы беделді халықаралық EMDRIA (АҚШ) Ассоциациясының аккредитациясынан сәтті өтіп, сертификатталған EMDR-терапевт атанды.

 

EMDR (Eye Movement Desensitization and Reprocessing) – бұл посттравмалық стрестік бұзылуларды (ПТСБ) және жарақаттық естеліктермен байланысты басқа да психологиялық мәселелерді емдеуге арналған инновациялық және ғылыми дәлелденген психотерапия әдісі. EMDRIA аккредитациясы маманның осы әдісті қолданудағы жоғары біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігінің дәлелі болып табылады.

 

Профессор Анаркүл Әлиакпарқызының EMDRIA халықаралық сертификатын алуы Қазақстанда психотерапиялық көмекті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді жоғары білікті маман жарақаттық оқиғаларды бастан кешірген адамдарға әлемдік озық тәжірибелерді қолдана отырып, тиімді көмек көрсете алады.

 

Анаркүл Әлиакпарқызын осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және оған кәсіби қызметінде одан әрі табыстар тілейміз! Бұл оқиға Қазақстандағы психология ғылымы мен практикасының дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.

 

Психология жоғары мектебі әлеуметтік желілерде.

Online қабылдау