2025 жылдың 3 Мамырында «Ақпараттық жүйелер» ББ 1 курс студенттеріне арналған «Табысқа жету жолың: GPA, ғылым, конкурстар» тақырыбында ғылыми-білім беру семинары өтті.
Студенттер алдында т.ғ.к., «Тұран» Университетінің Ақпараттық технологиялар Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Ким Екатерина Романовна сөз сөйледі. Екатерина Романовна білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы, инновациялық қызметі және ғылыми-зерттеу қызметі, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бойынша супервайзер болып табылады. Сондай-ақ, ол ғылыми және бизнес жобалардың түрлі студенттік конкурстарында, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен конференцияларда тәлімгер және білім алушылардың жетекшісі ретінде белсенді әрекет етеді.
Семинар барысында Ким Е.Р. студенттерге GPA туралы, оның не үшін қажет екендігі, интегралды GPA енгізу туралы, түрлі конкурстар, олимпиадалар, хакатондар және студенттер қатыса алатын басқа да іс-шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ, соңғы 5 жылдағы ОП 6B06101 – Ақпараттық жүйелер және 6B06103 – Интеллектуалды робототехника студенттерінің нәтижелері көрсетілді.
1 курс студенттері Үсен Нұрдәулет және 3 курс студенттері Ыдырысова Руфина Республикалық пәндік олимпиадаға және халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында Ким Е.Р. студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу туралы ұсыныстар берді.
Семинардан кейін студенттер конкурстардың түрлері, басшылық және тәлімгерлік туралы сұрақтарын белсенді түрде қойды.
Студенттерге белсенді ғылыми қызмет және болашақ конкурстар мен олимпиадаларға сәттілік тілейміз!