2025 жылғы 12 мамыр күні “Тұран” университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы барлық докторанттарымен кездесті. Кездесу сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, докторантура бөлімінің директоры, экономикалық және гуманитарлық-заң факультеттерінің декандары, сондай-ақ “Экономика және менеджмент”, “Қаржы және есеп”, “Маркетинг және логистика”, “Құқық”, “Психология” жоғары мектептерінің құрамына кіретін отандық ғылыми консультанттардың қатысуымен өтті.
Кездесу барысында ректор докторанттарды докторлық диссертацияларды қорғауға дайындау мәселелерін талқылады. Докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын орындау және жарияланымдар бойынша есеп берді. Ғылыми кеңесшілер докторанттардың жұмысы туралы өз пікірлерін берді, докторанттардың алдында тұрған проблемаларды атап өтті.