БАӘ университетіндегі PhD докторанттардың тағылымдамасы

“Тұран” университетінің докторанттары Лян Жанат пен Ялкунов Махамятали 2025 жылғы 7 сәуір мен 6 мамыр аралығында БАӘ, Әбу-Даби әмірлігі, Әл-Айн қаласында орналасқан Біріккен Араб Әмірліктері университетінде (United Arab Emirates University, UAEU) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл елдегі ең көне мемлекеттік университет (құрылған жылы – 1976), QS World University Rankings рейтингі бойынша әлемдегі үздік 300 университеттің қатарына кіреді (261-ші орында) және араб аймағындағы жетекші он университеттің қатарына кіреді.

 

Тағылымдама жетекшісі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің доценті, доктор Татьяна Карабчук болды. Факультет Эмпирикалық әлеуметтік зерттеулермен, гендерлік мәселелермен, еңбек нарығын зерттеумен, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды әдіснамалық даярлаумен айналысады. Тағылымдама барысында докторанттар зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жетекшінің кеңесін, Scoping Review өткізу бойынша практикалық дағдыларын алуға мүмкіндік алды, университеттің электрондық кітапханаларына, дерекқорларына қолжетімділік берілді. Докторанттар түрлі халықаралық ғылыми іс-шараларға белсенді қатысты. Тағылымдама соңында докторанттар ғылыми жобаларды қорғап, ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар алды.

Online қабылдау