2025 жылдың 27 мамырында сағат 10:00-де «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін оқу тәжірибесі аясында диджитал-маркетолог, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (EBRD) консультанты Оксана Колесова қонақ дәріс өткізді.
Дәріс тақырыбы – «Уақытша трендтер ме, әлде маркетингтің мәңгілік қағидаттары ма?» – студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, қызу пікірталасқа себеп болды. Оксана өз тәжірибесінен алынған нақты мысалдармен бөлісіп, заманауи трендтер мен тұрақты қағидалардың айырмашылығын талқылады.
Оксана Колесоваға шабыт сыйлағаны, кәсіби инсайттары мен болашақ маркетологтарға арналған құнды кеңестері үшін алғыс айтамыз!
Ұйымдастырушылар: Каргабаева Сәуле Төлеуқызы, Сугирова Г.үлмира Саламатқызы.