2025 жылдың 26 мамырында Тұран университеті Қазақстандағы ЮНФПА, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті, Алматы менеджмент университеті және «Нархоз» университетімен бірлесіп БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі доктор Фелипе Паульермен кездесу ұйымдастырды.
Бұл бірегей оқиға БҰҰ Youth2030 жаһандық күн тәртібін және 2024 жылы Болашақ саммитінде қабылданған Болашақ пактінің жүзеге асырылуының бір бөлігі болды. Ол 200-ден астам жас лидерлерді, студенттерді, дипломаттарды, БАҚ және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Доктор Фелипе Паульер (Felipe Paullier) – уругвайлық дәрігер, мемлекет қайраткері және жастар саясаты бойынша халықаралық сарапшы. 2023 жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының жастар саясатының негізін басқаратын бірінші және ең жас көмекшісі болды. Оның тағайындалуы жастардың жаһандық саясат пен басқарудағы рөлін шынайы мойындаудың символы болды.
БҰҰ-дағы рөлінде ол жастардың шешімдер қабылдау үдерістеріне қосылуына, адам құқықтарын ілгерілетуге және жастардың тұрақты дамуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысуына ықпал ететін «Жастар-2030» стратегиясын жүзеге асыруды үйлестіреді.
Талқылауға арналған негізгі тақырыптар: