Испаниядан келген шетелдік профессордың сапары

2025 жылғы 29-30 мамырда “Тұран” университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор, доктор Хесус Гарсия Лаборда (Испания, Алькала университетінің білім колледжінің деканы) келді. Қазақстанда болған кезінде профессор Гарсия Лаборда университет ректоры, профессор Рахман Алшанұлы Алшановпен кездесті, әңгіме барысында екі университет арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды; сондай-ақ PhD докторанттары үшін “Жоғары импакт-факторы бар журналдарда мақалалар жариялау” тақырыбында семинар өткізді. Профессор жоғары рейтингті халықаралық журналдарда мақалаларды дайындау және жариялау ерекшеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, докторантура бөлімінің директоры Ниеталина Гаухармен және кейбір білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен ғылыми тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру, академиялық алмасу бағдарламалары және т. б. мәселелері бойынша кездесулер өтті.

Online қабылдау