«Тұран» университетінде Португалия, Камоэнс және Португалия қауымдастықтары күнін атап өту

2025 ж. 10 маусым күні сағат 11:00-де «Тұран» университетінде Португалияның ұлттық мерекесіне арналған кездесу өтеді. Бұл мереке ресми түрде Португалия, Камоэнс және португал қауымдастықтары күні деп аталады. Мереке атауында португал ақыны Луиш де Камоэнстің есімі бар. Ол – Ұлы географиялық ашулар дәуірінде Васко да Гаманың сапарына арналған «Луизиада» (1572) эпопеясының авторы. Аталған мерекелік кездесу Алматы қаласындағы Португалияның Құрметті консулдығының ашылуына орай ұйымдастырылып отыр және Астанадағы Португалия Елшілігінің демеушілігімен өтеді. Қатысушылар мен қонақтардың назарына Лиссабон университетінің профессоры Антониу Эдуарду Мендонцаның «Португалия – 2025: әлеуметтік портрет» атты дәрісі ұсынылады.

 

Кездесуге Алматы қаласында аккредиттелген консулдықтардың, мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады. Португалия күнін атап өту іс-шарасы д-р А.Э. Мендонца және профессор Камалов А.К. басқаратын Аймақтық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Online қабылдау