Алматыдағы Бітімгершілік операциялар орталығында Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Корея Республикасынан келген делегациялар, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және Халықаралық Қызыл Крест өкілдері қатысқан аймақтық дөңгелек үстел отырысы жалғасуда. Орталық тақырып -бітімгершілік бөлімшелерді даярлаудағы өңірлік әлеуетті дамыту, тәжірибе алмасу және дайындықтың бірлескен тәсілдерін әзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі тек қорғаныс стратегиясының көрінісі ғана емес, сонымен бірге бейбітшілік, жауапкершілік және конструктивті қатысудың сыртқы саяси қағидаттарының іске асуы болып табылады. Біздің еліміз күрделі халықаралық жағдайда да – жүйелі жұмыс, саяси ерік-жігер және жоғары деңгейдегі дайындық жағдайында жаһандық қауіпсіздікке айтарлықтай әсер ете алатынын көрсетіп отыр.
Біз Қазақстанның бітімгершілік миссиясын орындауға БҰҰ-ның тәуелсіз мандатын алған ТМД-дағы жалғыз мемлекет болғанын мақтан тұтамыз.
Кездесуге «Тұран» Университетінің өкілі, «Халықаралық қатынастар және дипломатия» жоғары мектебінің директоры профессор Мухамбедярова А.Т. қатысып, жұмыс істеуде.