«МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕВРЕЙЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ, 2025 Ж. 6–8 МАУСЫМ

2025 ж. 6–8 маусым аралығында «Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығы Мәскеу қаласындағы Еврей музейі мен толеранттылық орталығының зерттеу орталығы және Иерусалимдегі Бен-Цви институтымен (Израиль) бірлесе отырып, «Мәдениеттер тоғысында: Орталық Азия және Кавказ еврейлері» тақырыбындағы III халықаралық конференцияны өткізеді.

 

Конференция Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі түрлі еврей топтары мен олардың көршілері – өзге этностар мен дін өкілдері арасындағы өзара әрекеттесу пен ықпал етудің тарихына арналады. Негізгі назар XIX–XX ғасырлардағы «отарлық дәуірге» және қазіргі кезеңге аударылады.

 

Халықаралық конференцияның бірінші кезеңі 4 маусымда Мәскеудегі Еврей музейі мен толеранттылық орталығында өтеді, мұнда 11 баяндама тыңдалады. Конференцияның екінші кезеңі Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде өтеді. Бұл кезеңде әлемнің әртүрлі елдерінен келген зерттеушілердің 21 баяндамасы ұсынылады. Олар еврей қауымдастықтарының өміріне модернизация мен көші-қонның әсері, олардың саяси белсенділігі мен билікпен қарым-қатынасы, жергілікті және шетелдік (еврейлік және еврейлік емес) халықпен байланыстары, сондай-ақ мәдени тарих, ассимиляциялық үдерістер мен тіл саясаты секілді тақырыптарды қамтиды.

 

Конференция аясында «XIX–XX ғасырлардағы Орталық Азия мен Кавказдағы азшылықтарды зерттеу: еврейлерге орын бар ма?» атты дөңгелек үстел мен Лондондағы “Central Asian Survey” ғылыми журналының Орталық Азия мен Кавказ еврейлерінің тарихы мен мәдениетіне арналған арнайы нөмірінің (№44(2), 2025) тұсаукесері өтеді. Бұл нөмірді Иерусалимдегі Зеев Левин редакциялаған.

 

Конференция қатысушыларына мәдени бағдарлама ұсынылады, оның ішінде «Медеу» биік таулы мұз айдынына экскурсия ұйымдастырылады.

 

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне: Светлана Амосова, Елена Фоменко және Елена Дека (Еврей музейі мен толеранттылық орталығы, Мәскеу), Зеев Левин (Шығыстағы еврей қауымдастықтарын зерттеу жөніндегі Бен-Цви институты, Иерусалим) және Аблет К. Камалов («Тұран» университеті Аймақтық зерттеулер орталығының директоры) кіреді. Конференция бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.

Online қабылдау