Оқу-танстыру практикасы Құқық жоғары мектебі студенттері үшін Алматы, 2025 жылы 26 мамыр

2025 жылдың 26 мамырында «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттері:

 

  • 241(4)-1,2,3,4 – «Құқықтану»,
  • 241(4) – «Бизнеске құқықтық қолдау көрсету (Корпоративтік заңгер)»,
  • 241(4) – «Халықаралық құқық»

 

Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасында түсіндірме-танымдық практикадан өтті. Практика барысында студенттер ішкі істер органдарының жұмысымен, аудандық полиция басқармасының құрылымымен және түрлі бөлімшелердің қызметімен танысты. Әсіресе тергеу-жедел жұмыстардың жүргізілу тәртібі, арыздар мен хабарламаларды тіркеу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге криминалистика бөлімінің қызметкерлері өткізген тәжірибелік сабақ ерекше қызығушылық тудырды. Болашақ заңгерлерге оқиға орнын қарау кезінде қолданылатын криминалистикалық сөмке көрсетіліп, саусақ іздерін алу процесі таныстырылды. Студенттер іздерді тіркеу, дәлелдемелерді жинау және криминалистикалық техниканың басқа да элементтерімен көзбе-көз танысты.Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби бағдарлануына ықпал етіп, құқық қорғау жүйесі туралы түсініктерін кеңейтеді және теориялық білімдерін тереңдете түседі.

Online қабылдау