2025 жылғы 22 мамырда Талдықорған қаласында «Мемлекеттік қызметшілердің ұйымдық мәдениетін арттыру – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізі: сын-қатерлер, мәселелер және перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған іс-шарада «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі атынан заң ғылымдарының докторы Жанұзакова Лейла Тельманқызы «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен қызметтік этикасы» тақырыбында баяндама жасады.