Құқық Жоғары мектебінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін ҚР ІІМ Кинологиялық орталығына «Нашақорлықсыз – салауатты болашақ үшін бірге!» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай өткізілді. Экскурсия барысында қатысушылар Орталықтың қызметімен танысып, қызметтік иттердің тұқымдары мен мінез-құлықтары, сондай-ақ олардың есірткімен күрестегі мүмкіндіктері туралы қызықты мәліметтер алды. Студенттер кинолог-полицейлердің жұмысымен жақын танысып, із кесу бойынша арнайы дайындалған иттердің жаттығуларына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Көрген-білгенінен шабыт алған жастардың болашақта осы салада маман атанып, қызметтік кинология мен есірткі қылмыстарымен күреске өмірін арнайды деген үміттеміз.
Куратор: Абайқызы Мөлдір
Топтар: ЮР-242-1, ЮР-242-2, МП-242