2025 жылғы 30–31 мамыр күндері «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры Әкімжанов Талғат Құрманұлы Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы басшылығының ресми жазбаша шақыртуымен диссертациялық кеңестің жұмысына қатысты.
Сондай-ақ, 31 мамыр күні Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Дарменов А.Д.-ның шақыруымен профессор Әкімжанов Т.К. Академияның жас мамандарын салтанатты түрде бітіру рәсіміне және оларға сертификаттар тапсыру шарасына қатысты.
Диссертациялық кеңес жұмысы мен жас мамандарды бітіру рәсіміне Қазақстан Республикасының басқа да ғалымдарымен қатар «Тұран» университетінің серіктесі – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультеті, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Селиверстов В.И. да қатысты. «Тұран» университеті мен ММУ арасында ресми ынтымақтастық туралы келісім бар.
«Тұран» университеті мен Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы арасындағы бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ғылым және докторанттарды даярлау саласында тығыз ынтымақтастық орнаған. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасында заң білімінің дамуына және академиялық тәжірибе алмасуға елеулі үлес қосуда.