«Тұран» университеті базалық жоғары оқу орны ретінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының II кезеңін өткізді.
КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ | ||
Комиссия төрағасы | ||
Узбеханов Нуржан Болатбекович | Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы | |
Комиссия мүшелері: | ||
Разакова Д.И. | PhD, э.ғ.к., «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновация проректоры | |
Ералина Э. М. | PhD, экономика және менеджмент жоғары мектебінің директоры | |
Абильшаиков Н.Б | э.ғ.к., Qazaq Oil басқарушы директоры | |
Дауренбекова А.Н. | э.ғ.д., экономика және менеджмент жоғары мектебінің профессоры |
Байқауға Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындарының студенттерінен барлығы 21 ғылыми жұмыс ұсынылды: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (5 материал), «Нархоз» КЕАҚ (2), «Esil University» мекемесі (1), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (1), Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (1), «Тұран» университеті» мекемесі (1), «Алматы технологиялық университеті» АҚ (2), «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ (1), «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ (1), «Тұран Астана» университеті (1), Жеке жоғары кәсіптік білім беретін «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» (1), Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (1), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (3), Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (3), Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (1).
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі критерийлерге сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланды:
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Тәсілдің ғылыми жаңалығы мен өзіндік ерекшелігі:
Аналитикалық бөлім және талдау тереңдігі:
Жұмыстың дизайны мен құрылымы:
Өткізілген байқау қорытындысы бойынша комиссия келесі қатысушыларды жүлделі орындарға ұсынып отыр: