Халықаралық деңгейдегі негізгі серіктестердің бірі — Болгарияның Technical University of Gabrovo. Компьютерлік инженерия, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жоғары мектебі аясында осы жоғары оқу орнымен бірлесе кәсіби бағдар беру және академиялық іс-шаралар сәтті жүзеге асырылуда.
Аталған бастамаларға TU Gabrovo университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері белсенді қатысуда:
Бірлескен жұмыс аясында онлайн-дәрістер, кеңес беру, шеберлік сыныптары және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мен халықаралық академиялық байланысты нығайтуға бағытталған білім беру жобалары жүзеге асырылуда.
2025 жылғы 11 сәуірде TU Gabrovo университетімен ынтымақтастық аясында «Туран» университетінің студенттері үшін ақпараттық технологиялар, инженерия және телекоммуникация салаларындағы өзекті тақырыптарды қамтитын қонақ дәріс өткізілді.
Іс-шара үлкен қызығушылық тудырып, тәжірибе алмасуға және студенттердің академиялық танымын кеңейтуге ықпал етті.