Құрметті әріптестер!
2025 жылдың 27 маусымында «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлының жария жылдық есеп беруі өтті.
2024–2025 оқу жылына арналған жыл сайынғы қоғамдық есеп материалдарында «Тұран» университетінің Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен қызметінің талдауы қамтылған. Бұл есептің басты мақсаты – университетіміздің бір жылдық жұмысын көпшілікке көрнекі түрде көрсету:
- Жиналған тәжірибені бағалау,
- Өсу аймақтары мен мүмкіндіктерді анықтау,
- Жаңа міндеттерді айқындау.
Қоғамдық есеп келесі мақсатты аудиторияға арналады:
- Заң шығарушы және атқарушы билік өкілдеріне,
- Студенттер мен олардың ата-аналарына,
- Білім беру жүйесі қызметкерлеріне,
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне,
- Қоғамдық ұйымдар мен басқа да мүдделі тұлғаларға.
Қоғамдық есептің негізгі мақсаттары:
- Білім беру үдерісіне қатысушылардың, соның ішінде қоғам өкілдерінің мүдделерін үйлестіру және диалог орнату үшін ақпараттық негіз қалыптастыру;
- Университет қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- Сапаның сыртқы кепілдігін қамтамасыз ету;
- Білім беру қызметтерін тұтынушыларды университет дамуының басым бағыттары, жоспарланған іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер туралы ақпараттандыру.
Презентация «Тұран» университеті ректорының жария есебі