Докторанттың Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде тағылымдамасы

8D03101–”Психология” білім беру бағдарламасының докторанты Алина Белякова Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы) психология факультетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Тағылымдама кезеңі 2025 жылғы 26 мамыр мен 24 маусым аралығында болды.

 

Тағылымдама психология ғылымдарының докторы, профессор Наталья Анатольевна Логинованың жетекшілігімен Даму психологиясы және дифференциалды психология кафедрасының базасында өткізілді. Бұл тағылымдама докторанттың кәсіби дамуына елеулі үлес қосып, таңдаған ғылыми мамандану шеңберінде теориялық білімді тереңдетуге және практикалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.

Online қабылдау