Басты бет | KAZENERGY-ден білім беру грантын алуға конкурстық іріктеу
KAZENERGY-ден білім беру грантын алуға конкурстық іріктеу
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 25 шілдеден бастап осы жылдың 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Электронды өтінішті grant.kazenergy.com сайтында жоғарыда көрсетілген мерзімде толтыру қажет.
Конкурсқа қатысу шарттары*:
Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Білім беру ұйымына шартсыз қабылданған немесе оқып жатқан болуы (студенттің қаржылық берешегі болмауы тиіс);
Үлгерім келесі көрсеткіштерге сәйкес болуы қажет:
ҰБТ сертификаты бойынша ең жоғары 140 балдың ішінен кемінде 80 балл жинау.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктері тізіміне сәйкес шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары үшін:
ҰБТ сертификаты бойынша 30 балдың ішінен кемінде 15 балл, және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша 100 балдың ішінен кемінде 65 балл жинауы тиіс.
Қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын немесе бейінді магистратураға түскен тұлғалар үшін:
ҰБТ сертификаты бойынша ең жоғары 70 балдың ішінен кемінде 40 балл жинау.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түскен тұлғалар үшін:
КТ сертификаты бойынша ең жоғары 150 балдың ішінен кемінде 90 балл жинау.
Кандидаттың диплом бойынша орташа үлгерім балы 5,0-ден кемінде 4,0 болуы тиіс.
Бакалавриаттың 1 курсын аяқтаған кандидаттар үшін GPA көрсеткіші кемінде 3,0 (B) болуы тиіс.
Бакалавриаттың 2–3 курстарын аяқтаған кандидаттар үшін GPA көрсеткіші кемінде 3,33 (B+) болуы тиіс.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының барлық курстарында оқып жүрген кандидаттар үшін GPA көрсеткіші кемінде 3,33 (B+) болуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
Жеке куәлік/туу туралы куәліктің көшірмесі;
Бұрынғы білім туралы құжаттың көшірмесі;
Көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, жетім бала немесе мүгедектігі бар тұлға екенін растайтын құжат (бар болса).
Оқуға қабылданғаны немесе оқып жатқаны туралы анықтама (ішінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс: 1 (бір) оқу жылына арналған оқу ақысының мөлшері — заңды тұлғалар үшін төлем жасауға арналған, курсы мен оқу формасы, қаржылық берешегінің жоқтығы). Анықтама оқу орнының ресми бланкісінде болуы немесе мөрімен расталуы тиіс.