Назар аударыңыз, 2025-2026 оқу жылынан бастап SAT енді жылына 8 рет тапсырылуы мүмкін (тест күндерін осы сайтынан қараңыз). Алматыдағы Тұран университетінде SAT тапсыратындар үшін қысқаша маңызды ақпарат:
- тестке тіркелу collegeboard.org сайтында жүзеге асырылады;
- Алматыдағы тестілеу орталығымыз Turan U 60196 деп аталады;
- төлемде қиындықтар туындаса, онлайн сатып алулардағы шектеулерді тексеріңіз, браузеріңізді жаңартыңыз немесе VPN қолданбасын қосыңыз;
- Bluebook қолданбасын құрылғыңызға жүктеп алыңыз және тест күніне 1-5 күн қалғанда exam set up өтіңіз – олар сіздің қабылдау билетіңізді жасайды;
- емтихан күні Алматы уақыты бойынша сағат 7:45-те (UTC+5 уақыт белдеуі) Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 16А мекенжайы бойынша келуіңіз керек;
- өзіңізбен бірге төлқұжат/жеке куәліктің түпнұсқасы болуы керек (көшірме, фотосурет, сканерлеу, электронды нұсқасы немесе туу туралы куәлік қабылданбайды);
- сізде басып шығарылған немесе электронды түрде қабылдау билеті болуы керек;
- тест тапсыру үшін жеке құрылғыңыз (ноутбук немесе планшет болады, chromebook қоспағанда) болуы керек; егер ноутбугыңызды әкеле алмасаңыз, Туран университетінде тест күні компьютер кабинетінен орын броньдау үшін a.almuratova@turan-edu.kz хабарласуыңыз қажет; немесе тест күніне 30 күн қалғанда collegeboard.org-та loaned device-қа өтініш беру керек;
- сіз тест тапсыруға арналған құрылғыдан басқа телефондарды, bluetooth гарнитураларын, сымсыз құлаққаптарды және басқа гаджеттерді пайдалана алмайсыз;
- жеңіл тағамдар, сусындар мен бекітілген калькуляторды алып кіруге болады.
Барлық сұрақтар бойынша a.almuratova@turan-edu.kz электронды поштасына жазыңыздар.