2025 жылдың 21 тамызында «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы жазғы Универсиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен Ректордың салтанатты кездесуі өтті. Іс-шара студенттердің ұлттық спорттық деңгейде университет атын абыроймен қорғаған еңбегін атап өту мақсатында жылы әрі шабыттандыратын атмосферада ұйымдастырылды.
Университет ректоры Алшанов Рахман Алшанович студенттердің ерік-жігеріне, табандылығына және спортқа адалдығына ризашылығын білдірді. Ол студенттердің спорттық жетістіктері университеттің имиджін нығайтып қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі болып табылатынын ерекше атап өтті.
Кездесуде келесі студенттер марапатталды:
Университеттің футзал құрамасының ойыншылары:
Жазғы Универсиаданың екінші легіне қатысушылар университетті келесі спорт түрлерінде таныстырды: футзал, бокс, грек-рим күресі және еркін күрес.
«Тұран» университеті өз студенттерімен мақтанады және жаңа жетістіктер мен жеңістерге жол ашу үшін студенттік спорттың дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады!