Қазақстан Республикасының Президенті елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының көрнекті өкілі Жанузакова Лейла Тельмановна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Бұл жоғары мемлекеттік награда Лейла Тельмановнаның көпжылдық ғылыми-педагогикалық қызметіне берілген лайықты баға болып табылады. Оның еңбегі құқықтық ғылымды ілгерілетуге, жас ұрпаққа сапалы білім беруге, кәсіби мамандарды тәрбиелеуге және Қазақстанның академиялық беделін арттыруға бағытталды.
Лейла Тельмановнаның өзінің қажырлы еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және ғылымға деген адалдығымен әріптестеріне де, шәкірттеріне де үлгі болып келеді. Оның ғылыми еңбектері мен педагогикалық қызметі еліміздің заң ғылымының дамуына елеулі ықпал етіп, қоғам үшін маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
«Тұран» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Лейла Тельмановнаны осы айтулы марапатымен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер және шығармашылық табыс тілейді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланған.