25 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында еліміздің Негізгі заңының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. «Қазақстан Республикасында биліктің бірлігі мен бөлінуін қамтамасыз етудің конституциялық негіздері» тақырыбында заң ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің профессоры Л.Т.Жанұзақова баяндама жасады, іс-шара Қазақстанның құқықтық мемлекеті мен демократиялық институттарының дамуындағы Конституцияның рөлін түсінуге бағытталған ғалымдар мен практиктердің пікір алмасу алаңына айналды.